Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы шаңғы жарысында классикалық спринтте үздік үштіктен көрінді. Ербол бір жарым шақырымдық қашықтықты 2 минут 29 секундта бағындырып, қола медалға қол созды. Бұл сайыста қазақстандық спортшылар Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Алимов және Владислав Кобаль іріктеу кезеңінен өте алмады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ербол Хамитов #ПаралимпиадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz