Ербол Хамитов - Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы шаңғы жарысында классикалық спринтте үздік үштіктен көрінді. Ербол бір жарым шақырымдық қашықтықты 2 минут 29 секундта бағындырып, қола медалға қол созды. Бұл сайыста қазақстандық спортшылар Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Алимов және Владислав Кобаль іріктеу кезеңінен өте алмады.