Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды.
Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.
Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді - 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.
Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды - 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді - 215.20 ұпай.
Olympic.kz
Тегтер #Софья Самоделкина #Прага #мәнерлеп сырғанау #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz