Мәнерлеп сырғанаушы С.Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды.
Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды. Жалпы есепте 187.53 ұпай жинап, әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады.
Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді - 238.28 ұпай. Ол әлем чемпионатында төртінші рет жеңімпаз атанды.
Тағы бір жапониялық Моне Чиба (Жапония) екінші орын алды - 228.47 ұпай. Ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне түйіндеді - 215.20 ұпай.
Olympic.kz