Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыдағы №3 кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды «24KZ».
Кездесу барысында спортшы жас мәнерлеп сырғанаушыларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар табыстады. Жалпы саны 30 спортшының әрқайсысы 200 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Осылайша Шайдоров жас таланттарды қолдауға жалпы көлемі 6 миллион теңге қаржы бөлді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Михаил Шайдоров #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz