Михаил Шайдоров жас спортшыларға 6 миллион теңге тарту етті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыдағы №3 кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды «24KZ».

Кездесу барысында спортшы жас мәнерлеп сырғанаушыларға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар табыстады. Жалпы саны 30 спортшының әрқайсысы 200 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Осылайша Шайдоров жас таланттарды қолдауға жалпы көлемі 6 миллион теңге қаржы бөлді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз