WTT Star Contender Astana 2026 халықаралық турниріне әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Жарыс 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.
Биылғы турнирдің жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары. Президент кубогы елордада екінші рет өткізіліп отыр. Бәсекеге әлемдік рейтингте жоғары тұрған спортшылармен қатар, Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар дайындық барысы мен жарыс бағдарламасын таныстырды.
Руслан Жетубаев, ұйымдастырушы:
- Додада Қазақстан намысын 40-қа жуық спортшы қорғайды. Олардың қатарында танымал спортшы Фан Бо да бар. Турнир бағдарламасында жекелей және жұптық сайыстар бар. Халықаралық деңгейдегі додалар қазақстандық спортшылардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді. Президент кубогы – елдегі үстел теннисін дамытуға бағытталған ірі халықаралық жобалардың бірі.
Тегтер #24KZ #Астана #Үстел теннисі #Президент кубогы #турнирPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz