RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан аралас жекпе-жектен Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

20.09.2026, 07:15 46

Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындары аясында аралас жекпе-жектен бәсекелер басталды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақта (traditional) өнер көрсетуде.

Ол алғашқы кездесуінде Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Мин-дяньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша Еркінғали ширек финалда оңтүстіккореялық Юн Тэёнмен күш сынасады.

Бұған дейін Әйгерім Төреханова 54 келіге дейінгі салмақта (modern) алғашқы кездесуінде қарсыласына жол берген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz