Ерлер арасындағы триатлон жарысында Арлан Жанабай қола жүлдегер атанды. Ол жарыс қашықтығын 53:11 нәтижесімен бағындырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Азиада ойындарындағы алғашқы жүлдесін ел қоржынына салды. Жарыста жапониялық Такуми Ходзе 52:56 көрсеткішімен жеңіске жетсе, Қытай спортшысы Чжан Сижуй 53:05 нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал тағы бір отандасымыз Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Тегтер #Арлан Жаңабай #Азия ойындары #қола жүлде #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz