Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «24KZ».
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті.
Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz