Азия ойындары: Боксшы Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алды

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «24KZ».

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті.

Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.
 
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: