Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Қылыш бағдарламасында біздің жігіттер үздік үштіктен көрінді.
Жартылай финалда Қазақстан командасы жарыс қожайыны Жапониямен сайысып, 34:45 есебімен жол берді. Ұлттық құрама сапында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артём Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ергешбай сынға түсті. Бұған дейін семсерлесушілер Жапониядағы Азия ойындарында 1 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алған болатын.
Тегтер #24KZ #Азиада 2026 #семсерлесу #Қазақстан құрамасы #қола медальPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz