Азиада-2026: ел құрамасы семсерлесуден қола жүлдегер атанды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Қылыш бағдарламасында біздің жігіттер үздік үштіктен көрінді.

Жартылай финалда Қазақстан командасы жарыс қожайыны Жапониямен сайысып, 34:45 есебімен жол берді. Ұлттық құрама сапында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артём Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ергешбай сынға түсті. Бұған дейін семсерлесушілер Жапониядағы Азия ойындарында 1 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: