Зейнеп Баянова Азиада-2026-да әйелдер күресінен Қазақстан құрамасына алғашқы медаль алып берді, деп хабарлайды «24KZ».
50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.
Бүгінгі жарыс күнінде 23 жастағы жерлесіміз Мунхар Биамбасуренді (Моңғолия) 8:4 есебімен, Миран Чеонды (Оңтүстік Корея) 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Юи Сусакиге (Жапония) 0:4 есебімен жол берген болатын.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Азия ойындары #әйелдер күресі #қола жүлде #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz