Зейнеп Баянова Азиаданың қола жүлде иегері атанды

Фото: olympic.kz

Зейнеп Баянова Азиада-2026-да әйелдер күресінен Қазақстан құрамасына алғашқы медаль алып берді, деп хабарлайды «24KZ».

50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.

Бүгінгі жарыс күнінде 23 жастағы жерлесіміз Мунхар Биамбасуренді (Моңғолия) 8:4 есебімен, Миран Чеонды (Оңтүстік Корея) 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Юи Сусакиге (Жапония) 0:4 есебімен жол берген болатын.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: