Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».
76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.
Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.
Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.
Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz