Азия ойындары: Эльмира Сыздықова күміс жүлдеге қол жеткізді 

Фото: olympic.kz

Балуан Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».

76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: