RU
Толық нұсқаға өту

Пара Азия ойындары: спортшылар тағы 2 алтын, 2 күміс алды

23.10.2026, 10:00 55

Қазақстандық спортшылар Пара Азия ойындарында тағы 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Бұл жолы пара велоспорттан 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут уақыт көрсеткішімен топ жарды, деп хабарлайды 24KZ.

Одан бөлек, Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский күміс еншіледі. Сондай-ақ әйелдер арасындағы 55 шақырымдық бәсекеде Анастасия Калаус пен Полина Братчикова да алтыннан алқа тақты. Олардың уақыт көрсеткіші – 2 сағат 5 минут. Ал Жұлдыз Қайнарова мен Анжелла Соловьева екінші болып мәре сызығын кесті. Дәл қазір ел қоржынында 47 медаль бар. Оның 12-сі алтын, 15-і күміс, қалған 20-сы қола.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz