Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.
Тегтер #спорт #триатлон #Егор Крупяков #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz