Триатлоншы Егор Крупяков Азия кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды 

olympic.kz

Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.

Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ оқыңыз: