Қазақстанда жасалған. Отандық полиэтилен өндірісі

Полиэтиленді алғаш рет 1899 жылы неміс инженері Ганс фон Пехманн кездейсоқ ойлап тапты. Алайда ол қолданысқа енбей, ұмыт қалды. Тек араға 34 жыл салып инженерлер Эрик Фосет пен Реджинальд Гибсон оны қолданысқа енгізді. Арзан әрі қолжетімді полиэтилен бұйымдары бүгінде көптеген салада кеңінен қолданылады. Сыртқы әсерден оқшаулау қасиетінің арқасында ол үлкен сұранысқа ие. Шикізаттан бастап, дайын өнім болып шыққанға дейін полимер күрделі технологиялық өңдеуден өтеді. Ендеше отандық өндірістегі полиэтилен қалай жасалады?