Астанада түнгі кітапхана кеші өтті
«Отбасымен кітап әлеміне саяхат». Астана мектептерінің бірінде осындай атаумен түнгі кітапхана кеші өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Мақсаты – ата-аналар мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау және бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізудің жолдарын көрсету. Түрлі ойындарға қатысып, белсенділік танытқан жас оқырмандарға сыйлыққа әйгілі авторлардың оқулығы мен кәдесыйлар таратылды.
Құралай Амангелдіқызы, мектеп директоры:
- Алғаш рет өткізіліп жатқасын қалай өтеді деп кішкене алаңдағанымыз бар. Кітапханада ине шаншар орынның жоқ болуы – біз үшін қуанышты жағдай. Халықаралық зерттеулерге сүйенетін болсақ, 3 жасар баланың жасына сай 15-ке жуық кітапшасы болу керек. Ал біздің әрбір отбасыда 3 жасар баланың осынша кітабы бар ма? Ата-аналар соны ойлау керек.