Транспорт және логистика. Астананың көліктік-логистикалық инфрақұрылымы

Бүгінгі таңда еліміздегі жүк ағынының негізгі бөлігі Астанаға бағытталған. Жыл сайын мұнда миллиондаған тонна жүк келеді. Сондықтан бас шаһардың көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда елімізде салынып жатқан бірқатар автомобиль дәлізі дәл осы жерде тоғыспақ. Бұдан бөлек жыл сайын қозғалыстың жылдамдығын, кептелістің аздығы мен жолаушылардың қауіпсіздігін рейттейтін инновациялық жаңашылдықтар енгізілуде. Айта кететін тағы бір мәселе қалада тауар жеткізушілерді қызықтыратын алып логистикалық нысанның болуы. Толық жабдықталған оның бүгінгі мүмкіндігі қандай?