Қалаулы кәсіп. Пеллеттер жасау маманы

Пеллеттер 1947 жылдан бастап өндіріліп келеді. Ал 2016 жылы әлемде пеллеттердің 20 миллионнан астам тоннасы өндірілген. Елімізде еуроотынды жасау ісі Астана, Алматы, Қарағанды және Петропавл қалаларында қолға алынған. Бағдарламамыздың бүгінгі санында пеллеттер жасау маманымен жақынырақ танысамыз.