Атыраулық жастар инновациялық технологияларды дамытуға атсалысады

Президент биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа бағыт-бағдарын ұсынды.

Бұл – Қазақстан халқының әл-ауқаты мен ұлттық экономикасының дамуының үшінші кезеңі. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында заман талаптарына сай, жаһандық даму үдерістерін қамти отырып, жаңа белестерді бағындыруды көздеп отыр. Ол - жаңа технологияларды дамыту арқылы инновациялық жобаларды отандық экономиканың барлық саласында қолданысқа енгізу. Ел болашағы жастар, осы үшінші кезеңде аса белсенділік танытпақ ниетте. Жолдауды ден қойып тыңдаған жас буын инновациялық технологиялар келешекте ел экономикасының қайнар көзіне айналатынына сенімді.

Дәурен Сейітқалиев, жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Ең негізгі бағыттың бірі ол инновациялық бағыт. Инновацияны біз білім арқылы, білім мен ғылым арқылы технологияға енгізіп оны өнеркәсіпке енгізуге осы жастардың еңбектенетін болады. Елбасының осы Жолдауын жастар болып, барлығымыз бірауыздан күш салып, атсалысып осы жобаны іске асырамыз. Себебі қазіргі заман талабы ол инновациялық технологияларға байланысты болып тұр.

Бибігүл Шайхиева, жастар қоғамдық қорының төрайымы:

- Біз жастар болып қолдаймыз және алдағы уақытта егерде осындай жаңғырту кезеңінде жаңа, өте қуатты бағдарлама іске асырылса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген сеніміміз жоғары.