Мемлекет басшысы: Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет

фото: akm.sud.kz

Елбасы биылғы жолдауында институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске баса назар аудару қажеттігін айтты.

Ол үшін Үкімет экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының озық тәжірибелері мен ұсынымдарын енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жекеменшік құқығын қорғауға қатысты бүкіл заңнама ревизиясын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Қазылардың жұмысына қатысты заңнан тыс кез-келген кедергіні жою маңызды. Сонымен қатар діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолына бөгет жасау қажет. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті  «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауға міндетті. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.