Лордтар палатасының мүшесі: Президент Жолдауы - 30 дамыған елдің қатарына қосылу бағытындағы батыл қадамы

Президент Жолдауы - Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосылуы бағытындағы тағы бір батыл қадамы.

Бұл Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Мохамед Итлаф Шейхтың пікірі. Лорд Қазақстан халқын болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын ел деп санаса, Президентті мемлекетті жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшіріп, жаңа астананың іргетасын қалай білген дана саясаткер ретінде таниды. Ол екі жаңғыртуды сәтті өткерген ел, үшіншісін де ойдағыдай жүзеге асыратындығына сенімді.

Мохамед Итлаф Шейх, Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі:

- Сіздердің елдеріңіздің болашағы зор. Қазақстан – жас мемлекет. Мен сіздердің Президенттеріңізді мақтағым келеді. Ол басынан бастап мемлекеттің негізін қалады. Мен Назарбаевтың 25 жылда жеткен жарқын жетістіктерін ерекше атап өткім келеді. Мен қазақстандықтардың өте жақсы досымын. Өткен жылы елдеріңізде қонақта болдым. Мені халқыңыздың қонақжайлығы мен мейірімділігі таң қалдырды. Іс сапар нәтижесінде баяндама дайындап, министрліктерге және сол кездегі премьер-министр Дэвид Камеронға тараттым.