Үшінші жаңғырту – Қазақстанның болашағына жасалған көпір

Үшінші жаңғырту – Қазақстанның болашағына жасалған көпір. Алдыңғы жаңғыртулардың қисынды жалғасы, әрі перспективалық дамуы. Елбасының биылға жолдауына қатысты Парламент Мәжілісінің депуттары осындай пікір айтты.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыссыздықты азайтуға және жемқорлықпен күреске елеулі ықпал ететіндігін атап өтті.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сонымен қатар, Елбасы осы жолдауында коммуникацияны дамыту, сонымен қатар елді мекендердегі интернет жүйесін жақсартуды да тапсырып отыр. Қазір қай елді мекенге барсақ та, көп көтерілетін мәселе интернет жүйесі жылдамдығының аздығы. Міне, осыны жақсарту үшін сандық Қазақстан атты жаңа бағдарлама жасалады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстан жаңғыруының үшінші кезеңінде көп өзекті мәселелерді Елбасы өз тапсырмасын ұсынып отыр. «Ақжол» деморкатиялық партиясы бизнестік партия ретінде Елбасымыздың экономика жөніндегі ұсыныстарын толық қолдайды және оларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.

Ахмет Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасының жолдауын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде қолдай отырып, ондағы тапсырмалардың орынды екенін айтқым келеді. Әсіресе, аграрлық саланы дамытуда нақты қадамдар жасау қажеттігін айтқан. Шынымен, көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз.