Аграрлық сектор Қазақстан экономиканың жаңа драйвері бола алады

Аграрлық сектор Қазақстан экономиканың жаңа драйвері бола алады.

Оған қажетті жағдай жасалып, билік тарапынан үлкен қолдау да жасалып жатыр. Әсіресе Президент Жолдауында отандық тауар өндірісін дамытуға ерекше тоқталған. Соның ішіне агроөнеркәсіп саласына басымдылық беруі өте орынды деп есептеймін, - дейді Қытай халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары Ли Цзыго. Оның айтуынша, Қазақстанның шикізат өндірісінен, сапалы өңделген өнім шығару бастамасы уақыт күттірмейтін мәселе. Ал мемлекет басшысы жолдауында ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырды. Осы бағытта табиғи таза өнімдерді Қытайға саудалаудың мүмкіндігі зор.

Ли Цзыго, Қытай халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары:

- Мade in Kazakhstan мен Мade in China-2025 жоспары арасынан ұқсастық байқадым. Бұл екеуі де мемлекеттің даму ерекшелігіне негізделе отырып, ұқыптылықпен дайындалған. Әсіресе, Президент Н.Назарбаев «Made in Kazakhstan» экологиялық таза тағамдардың эталоны болуы тиіс деп айқын көрсетіп берді. Енді нақты жұмыстар істеу керек. Бүгінде Қазақстан мен Қытай ауыр өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтан гөрі ауыл шаруашылық өнім шығару, электронды сауда, баламалы энергия көздерін дамыту сияқты салаларда жаңа әріптестік деңгейіне шықты. Бұл екі ел үшін де үлкен жетістік. Мен Мade in Kazakhstan мемлекеттің өндірістік әлеуетін жаңа белеске көтеретініне сенімдімін.