Сарапшы: Мемлекеттік басқарудағы жаңа реформалар - заңды үдеріс

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституциялық реформа Қазақстанның демократияландыру бағытына бет алғанын нақты көрсетеді.

Бұл британиялық «First» баспа үйінің өндіріс жөніндегі директоры Имон Дэйлидің пікірі. Мемлекеттік басқарудағы жаңа реформаларды ол заңды үдеріс деп есептейді. Ол мемлекеттік құрылыстың тиімді моделін жобалауда бұл бастамалардың қосар үлесі зор екендігін айтады.

Имон Дэйли, «First» баспа үйінің өндіріс жөніндегі директоры:

- Өкілеттіктің басым бөлігін үкіметке, парламентке және басқа да билік тармақтарына беру – уақытында қабылданған шешім. Бұл парламенттің үкімет құрамын бекітудегі рөлін күшейтеді және министрлер кабинетінің жауапкершілігін арттырады. Президенттеріңіздің нақты жоспар құрып, мақсатқа жету механизмінің нақты уақытын белгілегендігі қуантады.