«Еркін пікір» ой-талқы клубының мүшелері реформаның артықшылықтарын жіпке тізіп көрді

Конституциялық реформа орнаған күні Президент алдында жауапты боп келген Үкімет Парламентке есеп беретін болады.

Президент үндеуін талқыға салған Алматыдағы «Еркін пікір» ой талқы клубының мүшелері реформаның артықшылықтарын жіпке тізіп көрді. Біріншіден, Парламенттің рөлі артады. Яғни, депутаттар Үкіметпен қоян-қолтық араласып, Елбасы міндеттеген нақты тапсырмалардың орындалуына күш жұмсайды, - дейді жиынға қатысқандар. Сарапшылардың сөзінше, мұндай өзгеріс Парламент пен Үкіметке құзыреттен бөлек, үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрі Ата заңға сәйкес, билік арасында тепе-теңдік орнайды.

Бауыржан Сатыбалдыұлы, саясаттанушы-тарихшы:

- Бізге қазір кәсіпқой мемлекет керек. Мықты Үкімет керек. Және лауазымды Парламент керек. Осының арқасында біз мына шығып отырған реформаларды тек қана шығармай ғана соны жүзеге асыруымыз қажет. Оған жауап беретін мықты Үкімет болуы тиіс.