Конституциялық реформа Қазақстан жастары үшін жаңа көкжиекке жол ашады

Ұлыбританиядағы «Болашақ» бағдарламасы стипендианттарының пайымы осындай.

Жолдауда баса назар аударылған онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызметтерді дамыту жауапкершілігі қазіргі жастарға жүктелген.

Олжас Баймағамбетов, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:

- Бұл жақтағы білім ордаларында бірінші кезекте студенттің жеке қасиеттерін, өздігімен іздену қабілетін дамытуға көңіл бөлінген. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасының студенті ретінде елдің жаңғыру жолындағы қадамдарына өз үлесімді қосамын деп сеніммен айта аламын.