Титаниктен табылған алтын сағат аукционға шығарылды
Әйгілі Титаник кемесіндегі ең бай жолаушылардың бірі болған Джон Джейкоб Астор төртіншінің алтын сағаты аукционға шығарылды.
Бәссауда Henry Aldridge & Son сауда үйінде өтеді. Құнды жәдігерді ұйымдастырушылар 125 мың долларға бағалап отыр.
Жалпы бұл сағат аукционға алғаш рет шығып отырған жоқ. 1990 жылы оны есімі белгісіз америкалық коллекционер иемденген болатын. Алтын сағаттан бөлек, бәссаудада Джон Джейкоб Астордың басқа жеке заттары сатылады. Олардың арасында алтын ілмек бар.