Биліктің сот тармағы оң өзгерістерді халыққа жеткізуде белсенділік танытуы тиіс

Елімізде болып жатқан оң өзгерістерді халыққа жеткізуде биліктің сот тармағы белсенділік танытуы тиіс.

Өңірлерді аралап жүрген Сенат депутаттары облыстық және қалалық соттың судьяларымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген нақты міндеттерге шолу жасады. Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров судьялар өздеріне берілген әлеуетті толық мүмкіндікте пайдалану керектігін айта келе, халықпен жұмысты күйшейтуді тапсырды. Қазір елімізде сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі жүріп жатыр. Құқық үстемдігі саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары Жолдауда нақты көрсетілген. Бектас Бекназаров «Құқық үстемдігіне және елдің әр тұрғынының заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге арналған реформалар жүргізудеміз» деген Мемлекет басшысының сөзін әр судья жадында сақтауы керектігін жеткізді. Кездесуде Фемида өкілдеріне жүктеліп отырған негізгі міндеттер мен сот жүйесіндегі реформалар сөз болды.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Елбасының халыққа Жолдауында ел өмірінің үлкен-үлкен маңызды мәселелерін көтерді. Ал енді соны жеткізе білу керек. Оның ішінде мынау біздің халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жөніндегі көптеген маңызды мәселе бар. Судьялар – олар көздері ашық, көңілдері ояу, сауатты мемлекеттік қызметкерлер. Сондықтан өз қызметтерінде бұл мәселеге әсіресе заңдылық мәселесінде көп жағдайда судьялар түсіндіріп беретін әлеуеті бар.