Сандық технологияны қолдану туралы бастама - заман талабына сай шешім

Елбасы Жолдауында көрсетілген экономиканың сан саласына сандық технологияны қолдану туралы бастамасы - заман талабына сай шешім.

Ішкі және сыртқы экономиканы егжей-тегжей зерттеген Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді.

Нәйля Әлмұхамедова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бөлімінің жетекшісі:

- Президент өз Жолдауында автоматтандыру, 3D принтинг сияқты технологияларды қолдану арқылы жаңа салаларды дамыту қажеттігін айтып өткен болатын. Жалпы экономикалық теорияны алатын болсақ, жаңа салалар тезірек дамиды.Тиімділігі және пайдалылығы жақын арада бірден сезіледі және көрінеді. Бұл экономикалық дамуға жақсы септігін тигізеді. Шетелдік және халықаралық тәжірибені алып қарайтын болсақ, жаңа технологияларды қолдану өңдірістік процесті жеделдетеді.