Оралдық мемқызметкерлер Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгінде жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге дайындықты ширата түсудің маңызы зор.

Өйткені қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді. «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуді ұсынған Президенттің мақсаты біреу ғана. Ол билік өкілеттіктерін саралап қайта бөлу арқылы тұтастай саяси жүйені демократияландыру. Сондықтан екі негізгі бағыт бойынша іске асатын реформаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы билік органдарына да маңызды міндеттер жүктеледі», - дейді оралдық мемлекеттік қызметшілермен кездескен Сенат депутаты Ерболат Мұқаев. Жолдауда Мемлекет басшысы адами капитал сапасын жақсарту қажеттігін айтты. Бұл ретте оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау біліктілікті арттыру орталығының тыңдаушылары үшін де маңызды.

Болат Жексенғалиев, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру орталығы директорының м.а.:

- Өйткені биыл – «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілері үшін аттестаттаудың басталған уақыты. Аттестаттау жылдағыдан өзге болайын деп тұр. Жолдауда айтылған сияқты бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметші болу үшін ең алдымен жеке адами, кәсіби, тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, кез келген жағдайда мем қызметшінің өзінің кәсіби тұлғалық ерешелігін көрсете білу қабілетін анықтау бағытындағы аттестаттау.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Көздеп отырған тек бір мақсат – болашақта алдыңғы жылдары біздің мемлекетте басқару жүйесі бірқалыпты болуы. Өйткені әлемде тұрақсыздық, әлемде көптеген өзгеріс болып жатыр. Осының бәрін ескеріп, Елбасы осындай мәлімдеме жасаған болатын.