Ресейдің бұрынғы вице-премьері Елбасы Жолдауына жоғары баға берді

Үшінші жаңғыртудың кешенді бағдарламасы әлемдік экономиканың жаһандық үдерістерін ескереді.

Біздің арнаға сұхбат берген Еуразиялық экономикалық одақтың іскерлік кеңесінің басшысы Ресейдің бұрынғы вице-премьері Виктор Христенко Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына жоғары баға берді. Ресей мемлекеті қайраткерінің пікірінше, үшінші жаңғыртудың басымдылығы тек заманауи үрдістерді ұстану емес. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жаһандық үрдістерді ұлттық экономиканың өсуіне пайдалану туралы нақты қойған міндеттері.

Виктор Христенко, ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесінің басшысы:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы 25 жылдың қорытындысы ғана емес, тіпті келешек онжылдықтың бағытын айқындап берді. Президент әлемдегі елеулі өзгерістерді бағалай келе ел өнеркәсібінің, агроөнеркәсіптік кешенінің, инфрақұрылымының, сондай-ақ көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне қатысты маңызды міндеттерді көрсетіп берді. Менің ойымша, бұл – қол жеткізуге болатын нәтиже.