Сұлтан Қалиев маңғыстаулық мұнайшылармен жүздесті

Елбасы Жолдауы отандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподақтар ұйымдарына зор жауапкершілік жүктейді.

Маңғыстаулық мұнайшылармен жүздескен Сұлтан Қалиев осылай деді. Қара алтын өндіруші мамандардың мұң-мұқтажын жоқтайтын қоғамдық бірлестік төрағасы еңбек ұжымдарында әлеуметтік теңдіктің сақталуына үндеді. Ол Еңбек Кодексінде бекітілген талаптардың заң жүзінде орындалуына бақылаудың күшейгенін жеткізді. Тәуелсіздік жылдары жұмыс өтілі үзілмеген мұнайшыларды еңбекке қайта баулудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кәсіпорын басшыларына жастардың заманауи технологияны меңгеруін айрықша бақылауға алуға шақырды.

Сұлтан Қалиев, «Мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы:

- Біз жастарға көп көңіл бөлеміз. Себебі тек қана кәсіподақтың ғана емес, жалпы Қазақстанның келешегі жастарда. Маман дайындау, оларды бәсекеге сәйкес қабілетті етіп дайындау – негізгі мақсатымыз. Бүгінгі кәсіподақтың басымдылығы – қоғамдағы әлеуметтік әділеттікті сақтау.