Елбасы Жолдауын ресейлік экономистер зерттеп жатыр

Елбасы ұсынған үшінші жаңғырту бағдарламасын ресейлік экономистер ден қойып зерттеп жатыр.

«Жаңа технологияларды дамыту арқылы инновациялық жобаларды Қазақстан экономикасының барлық саласында қолданысқа енгізу елімізге заман талаптарына сай жаңа экономика құрып, өзге де дамыған елдермен терезе теңестіруге мүмкіндік береді», - дейді Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры.

Александр Агеев, Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры:

- Елбасы нақты мақсат қойып отыр, оны жүзеге асыратын субъектілер мен мекемелерді де белгіледі. Оның ішінде лайықты бизнес орта кұру, қажетті макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы құрылымдарын инновацияға қолдау көрсетуге, білім мен денсаулық сақтау салаларының дамуына, адам капиталын нығайтуға қолайлы жағдай тудырудың маңызы зор екенін атап өтті. Себебі жаңа экономикада бәрін адам капиталы билейді. Жаңғыртуды іске асыру үшін көзі ашық, жаңашылдықты игеруге бейім, виртуалды ортада жұмыс істейтін қабілетті адамдар қажет.