Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 25%-ға жеткен

Бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 25%-ға жетті.

Елбасы кәсіпкерлікті ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі екенін қашан да қаперге салады. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында да кәсіптен нәсіп табуға ерекше қолдау білдірді. Бір ғана мысал. Былтыр шағын және орта бизнестің қатысуымен 11 трлн теңгеден астам өнім өндірілген. Мамандар еліміздің Үшінші жаңғыртуы жаһандық бәсекедегі қабілеттілігімізді арттыра түсетіндігіне бек сенімді.

Нәйля Әлмұхамедова, ҚСЗИ экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі м.а.:

- Президент өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлген. Және де Жолдауға сәйкес 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50%-ға дейін жетуі керек. Осыған орай қазіргі сәттен бастап біраз шара іске асырылуда.