Б.Джадж: Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресуі – маңызды құбылыс

Қазақстан Президенті Жолдауындағы басым бағыттың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған.

Кез келген мемлекеттің дамуына және халықаралық беделіне нұқсан келтіретін жат құбылыспен күресуге айрықша көңіл бөлінгені орынды, дейді Ұлыбритания директорлар институтының төрайымы Барбара Джадж.

Барбара Джадж, Ұлыбритания директорлар институтының төрайымы:

- Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күресіп, қауіпсіздікті күшейтіп жатқаны маңызды құбылыс деп ойлаймын. Кез келген инвестор өз қаржысын қауіпсіз елге құйып, өзін еркін сезіне алатындай болуы керек. Жемқорлық – бұл заңсыздықтың ең сорақы түрі. Қазақстанның осы қауіпті құбылыстан құтылуға айрықша әрекет жасап жатқандығы шынымен қуантады.