А.Мұсақожаева: Адам барлық жеңіске ішкі рухани байлық арқылы жетеді

Рухани құндылық пен мәдени мұраны қастерлеп, өнерді дамытпай, өркениет көшіне ілесу мүмкін емес.

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда Елбасының Жолдауын талқылаған өнер және мәдениет қайраткерлері осындай пікірде. Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева «адам барлық жеңіске ішкі рухани байлық арқылы жетеді. Барлық ғылыми-техникалық жетістік адамның ішкі мәдениеті мен білімі арқылы келеді», - дейді. 

Айман Мұсақожаева, ҚР халық әртісі:

- Руханиятсыз экономикалық даму да мүмкін емес. Осы екі негізге жүгініп, халықтың жарқын болашағын қалыптастырып, жасампаз қоғам жасауға болады.