Шетелдегі озық оқу орындарында бірқатар студент тегін тәлім алуда

Әлемдік бәсекелестікке қабілеттікті арттыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы басты мақсаттың бірі.

Осы салаға Президент жеке тоқталды. Елбасы өткен жылы жастардың білімін шетелдегі озық оқу орындарында әрі қарай жетілдіру керектігін айтқан-ды. Биыл аталған бағыт бойынша бірқатар студент тегін тәлім алуда. Олар заманауи бағдарлама бойынша және IT-технологиясына сай оқытылады. Нәтижесінде отандық өндіріс заманауи технологиямен жарақталады. Өнім әлемдік бәсекеге қабілетті болады. Студенттер ең алдымен шет тілдерін еркін меңгеруі керек, одан кейін салалық білім беріледі.

Билалдин Ахметов, Алматы полиграфия колледжінің директоры:

- Биыл бірінші рет тегін кәсіби білім беру мәселесі бойынша балаларды қабылдауға арналған бағдарламаларды қабылдап қойды. Енді сол бағдарлама әлемдік деңгейге сай болу керек. Әлемдік деңгейдегі бағдарламамен оқыған бала бәсекелестікке қабілетті маман болып шығады.