Мемлекет басшысы Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Әңгімелесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерге назар аударылды.