Хён Сын Су: Елбасының жемқорлықпен күресті күшейтуге тапсырма бергенін құптаймын

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып тұр.

Саяси ғылымдар докторы Хён Сын Су осылай санайды. Оның пікірінше, Қазақстан экономикасын жаңғыртуда оңтүстіккореялық сандық технологияларды пайдалануда екі елдің қарым-қатынасы артуы мүмкін. Сондай-ақ саясаттанушы Қазақстан Президенті білім беру саласына үлкен көңіл бөлгенін ерекше айтып өтті. Себебі дамыған елдің негізі – адами ресурстар сапасын көтеру.   

Хён Сын Су, Корея ұлттық бірігу институтының ғылыми қызметкері:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жемқорлықпен күресті күшейтуге тапсырма бергенін саясаттанушы ретінде құптаймын. Президент өз сөзінде биыл ЕХРО-ны абыроймен атқару керектігін және Универсиада жарысы жоғары деңгейде өткенін атап өтті. 2017 жылға жоспарланған ауқымды шаралар Қазақстанның жеткен жетістігі мен абыройын бүкіл әлемге паш етеді деп ойлаймын.