Қостанай облысында ауылдарды абаттандыруға ₸11 млрд бөлінді

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 50 мың түп ағаш егілді, деп хабарлайды 24KZ.

Күздің соңына дейін бұл көрсеткіш екі есеге дейін арта түспек. Сондай-ақ ауылдардағы ойын алаңдары мен саябақтар да қалыпқа келтірілді. Оған жергілікті бюджеттен 11 миллиардтан астам теңге бөлінді. Игі шараға Боровское ауылының тұрғындары да белсене атсалысты. Олар өз ауласын күл-қоқыстан тазартты.

Олеся Волосюк, Боровское ауылының тұрғыны:

- «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы ауылдағы экологиялық жағдай біршама жақсарып қалды. Көшеде тұрмыстық қалдықтар азайды. Әр үйдің алдында қоқыс жәшіктері орнатылды. Барлығы күл-қоқысын сонда тастайды.