Абайлаңыз, импорт! Қаймақ таңдай білесіз бе?
Дұрыс сақталған сапалы кілегей 10 күннің ішінде бұзылып кетпеуі тиіс.
Алайда кейде дүкенде сатылған қаймақтың қорапшада көрсетілген жарамдылық мерзіміне дейін шыдамай жататыны көп кездеседі. Ал кейбірі тіпті алдағы келер күнмен шығып жатады. Осы орайда тұтынушыларға ұсынылатын өнім қаншалықты табиғи деген сұрақ туындайды. Крахмал мен өсімдік майлары қосылған қаймақты ажырату мүмкін бе? Жауапсыз өндіруші оның майлылығын ұлғайту үшін құрамына қандай қоспа қосуы мүмкін? Мамандар не дейді? Өнімді үй жағдайында қалай тексеруге болады? Бүгінгі шығарылымда біз осы қаймақтың импорттық және экспорттық әлеуетіне тоқталамыз.