Агросектор. Қаз бен үйрек етінің өндірісі дамып келеді

animalsfoto.com

Ақмола облысының Шортанды ауданында жақында қаз бен үйрек етін шығаратын құс фабрикасы іске қосылмақ.

Жобаның жалпы құны 110 млн теңге. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 20 млн теңгеге несие де алынған. Болашақта бұл жерде тек ет қана емес, сонымен қатар терең өңделген ет өнімдерін шығару да жоспарда бар. Бұл өнімдер экологиялық таза, органикалық өнім болмақ. Себебі фермерлер құстарды арнайы өсірілген арпамен қоректендіреді. Шаруашылықтың бүгінгі қарқынын осы шығарылымнан көре аласыздар.