Агросектор. Қой шаруашылығын дамыту

http://fermagid.ru/

Ежелден қазақ халқының өмірі қой шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты болған.

Республикамыздағы климаттық жағдай осы аша тұяқты мал тұқымы үшін өте қолайлы. Ірі қара мал ішпейтін ащы судан Шопан ата түлігі қашпайды және ыстыққа да, суыққа да шыдамды болғандықтан, қой өсіру үшін арнайы көлемді құрылыс салудың қажеті жоқ. Тұяқтары мықты болғандықтан, қар аз түсетін далалы, шөлейт және шөлді аудандарға тез жерсінеді, қойды тіпті қыста далада жаюға болады.