Сарбазды тепкілеген кім екенін анықтадық

Әлеуметтік желілерде әскерде әлімжеттік көрсетіліп жатқан видео тарады. Онда сап түзеген сарбаздарды балағаттап, тепкілеп жатқаны көрсетілген.
Бұдан бөлек, жедел жәрдем қызметкерлерінің әдепсіз әрекеті қызу талқыланып жатыр. Мамандар жерде жатқан азаматқа көмек көрсетудің орнына аяғымен тепкен.
Бұл расымен Қазақстанда тіркелген бе? Кінәлілер жазаланды ма? Бұндай әрекетке баруына не себеп? «АнықTime» хабары ақпараттың ақ-қарасын анықтайды.